Семейде оқушы көпірден секіріп кетті
Абай облысының ТЖД қызметкерлері көпірден секіріп кеткен қызды құтқарды
10 қазан күні сағат 9 мөлшерінде ескі көпірден адам секіргені туралы хабар түсткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы ТЖД таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Құтқарушылар оқиға орнына келгенде өзеннен 2009 жылғы қызды тапты. Олар жасөспірім қызды судан алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Мұндай әрекетке баруының себебі әзірге белгісіз, - делінген хабарламада.