ҚР Президенті Семейдегі "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішін ашты
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткіш Абай алаңының сол жақ қанатында орнатылды
Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тұғырда Мұхтар Әуезов шәкірті Қайым Мұхамедхановпен бірге тұрғаны бейнеленген.
Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев.
Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.