Семейде оңалту орталығының құрылысы аяқталуға жақын
Абай облысында салынып жатқан 150 орындық Оңалту орталығын жыл соңында аяқтау жоспарлануда
Семей қаласындағы "Қарағайлы" мөлтек ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық Оңалту орталығының құрылысы 2021 жылы басталған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Аталған орталықтың құрылысы ядролық сынақтардан зардап шеккен өңір тұрғындарын оңалту шараларымен қамту арқылы тұрмыс сапасын арттырып, қоғамдық өмірге ат салысуына мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Абай облысының әкімдігі. - Сондай-ақ, жаңадан 211 жұмыс орны ашылады. Оңалту орталығында денешынықтыру-сауықтыру аймағы, үстел ойындары, теннис, бадминтон, гимнастика, шағын футбол алаңдары бар. Сонымен қатар оқу залы бар кітапхана, емдік бассейн, спорттық және жиналыс залы салынған.