Семейде "Сергек" жүйесі 1 қазанда іске қосылады
Семей қаласының полиция басқармасы қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамассыз ететін "Сергек" жүйесі биыл іске қосылатынын хабарлайды
Жол ережесін бұзған көлік жүргізушілер айыппұл қағазын ала бастайтынын еске салған жөн, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жылдамдықты асыру, бағдаршамның тиым салған белгісіне өтіп кету, жолдағы қозғалысты реттейтін жолақтарды бұзу жүйеге тіркеледі. Жол тәртібін бұзғандардың төлеген айыппұлдары қала бюджетін толтырады.
Ұйғарымдарды erap-public.kgp.kz проталынан ЭЦҚ арқылы жүктеп алуға болады.
Семей қаласындағы жобада 1551 камера жұмыс істейді. Оның 775-і жалпы бейнебақылау, сонымен қатар, 88 камера тұрғын үй, мектеп аулаларында, қоғамдық орын т.б. қауіпсіздікті қамтамассыз етеді. Құрылғы-бағдарламалық кешен құрамындағы қалған 776 камера қаланың жол қауіпсіздігін бақылайды, - деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.
Бұдан бөлек, жоба аясында полиция қызметкерлерінің "Сергек Қорғау" мобильдік қосымшасымен жұмыс істеуіне арналып, 100 планшет алынды. Аталған мобильдік қосымша жолдағы "Сергек" жүйесіне біріктіріліп, жалған нөмір таққан, жүргізуші куәлігінен айырылса да көлік жүргізгендерді, іздеудегі көліктерді анықтайды.
Содан кейін ондай көліктер жөніндегі ақпарат операторға жіберіледі. Жедел алдын-алу шарасы барысында полиция қызметкері мұндай көлікті тоқтатып, қажетті шара қолданады.
Жол ережесін бұзуды тіркеу автоматты режимде жүзеге асады.
Қазақстандық мамандар дайындаған бағдарлама компьютер көмегімен және арнайы алгоритм бойынша ереже бұзуды анықтайды. Бұдан кейін полиция қызметкері тексеру жүргізіп, өзінің ЭЦҚ арқылы ұйғарымға қол қояды. Барлық ереже бұзу жағдайлары ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу Комитетінің әкішілік істер бойынша біріңғай реестріне бірден тіркеледі.
Көлік иесі шешіммен келіспеген жағдайда, Семей қаласы бойынша полиция басқармасына баруға немесе 110 нөміріне сондай-ақ ұйғарымда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуға болады.