Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейліктер театр өнерінің майталманын соңғы сапарға шығарып салды

Семейліктер ғұмырының көп бөлігін театрға арнап, көптеген рөлдерді сомдап, халықты өнерімен сусындатқан талантты актер, Абай атындағы драма театрының директоры болған, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, актер, қағам қайраткері - Яков Горельниковпен мәңгілікке қоштасты

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейліктер театр өнерінің майталманын соңғы сапарға шығарып салды
Фото:
Абай облысы әкімдігінен

Ол саналы ғұмырын Абай театрына арнап, 40 жыл басқарған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Яков Горельников 1947 жылдың 8 қараша күні Семейде дүниеге келген. Ресейдің Новосибирск қаласында актерлік өнерді меңгерген. 1975 жылы тұңғыш рет өзін режиссерлік салада байқап көреді. Сөйтіп оның қойылымы халықаралық фестивальдің лауреаты атанады. 1982 жылы ұжымның өтініші бойынша Яков Горельников Ф.М. Достоевский атындағы драма театрын басқарып, ел бойынша театрдің ең жас директоры атанады.

Театр өнеріне қосқан зор үлесі үшін және белсенді қоғамдық қызметі үшін, Президент жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленіп, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған. ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.

Бүгін ел мәдениеті орны толмас қазаға ұшырады... Театр өнерінің жарқын тұлғасы ортамыздан кетті... Яков Горельников – саналы ғұмырын Абай театрына арнады. Актер қызметінен бастап, Семейдің басты мәдени ошағы болған «қара шаңырақты» 40 жыл басқарды. Бұл – мәдениетке деген адалдықтың, асқақ рух пен ерліктің көрінісі! Яков Вениаминовичтің өнері мен тұлғасын бағалап келген барша қауымға, марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын! Оның өнері мен жарқын келбеті есімізде мәңгі сақталады, - деп атап өтті Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Следующая →