Абай облысы әкімінің кубогына Жайдарман ойындары өтеді
Республиканың әр өңірінен командалар жиналатын ойын Семей қаласында ұйымдастырылады
![Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Абай облысы әкімінің кубогына Жайдарман ойындары өтеді Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Абай облысы әкімінің кубогына Жайдарман ойындары өтеді](/upload/iblock/377/el7f03lv7pn25f3tlhd3s03kfoojh1sl/imgonline_com_ua_Resize_Z7597QXoMJ5JSNwL.jpg)
Бүгін сағат 18.00-де Семейде "Қалалық мәдениет сарайында" тұңғыш рет Абай облысы әкімінің кубогына арналған республикалық жайдарман ойындары өтетін болады. Ойынға Астана Элита құрамасы, Ақтөбе, Ақтау, Оралдан құралған команда - Ұлттық сапа, Павлодар облысы - Ақсу құрамасы, Екібастұз қаласы - Біз қазақпыз құрамасы, Семей медецина университеті - Медунивер, Өскемен құрамасы, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің - Әуезов құрамасы, Шатыр тәуелсіз құрама, Қыздар емес - Семей командалары қатысады, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Ойынды қазақша КВН одағының президенті Есен Елеукен жүргізеді деп күтілуде.