Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -16°
  • Ақтөбе
    -17°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -21°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    -10°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    -10°
$
514.65
544.6
¥
70.84
5.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семей қаласының студенттері есірткі сатумен айналысқан

Абай облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі саудалаумен айналысып келген студенттер ұсталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семей қаласының студенттері есірткі сатумен айналысқан
Фото:
видеодан алынды

Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сатты деген күдікпен жергілікті колледждердің 18 жастағы үш студентін құрықтады деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей қаласының маңында есірткі сатушыларды ұстау операциясы жүргізілді. Күдіктілер Telegram-арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып, Семей қаласының аумағында таратып келген. Тінту шараларын жүргізу кезінде “сатушылардан” полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншектері тәркіленді. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ “Альфа-PVP” синтетикалық есірткісі болып шықты.

Аса ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері Абай облысының аумағына есірткі жеткізу арналарының жолын кесу мақсатында мән-жайды толық анықтап, келіп түскен ақпараттар мен ұсталғандардың айғақтарын тексеруге бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Айыпталушылар Семей қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Жаз мезгілінде мектеп оқушылары мен студент жастар демалыста болатындықтан ата-аналар балаларының бос уақытын қалай өткізетініне және кіммен араласатынына мұқият болуы керек. Барынша қырағылық танытып, жұмыс сипатының заңдылығына көз жеткізбей, сайт әкімшісі, курьер болу туралы ұсыныстарды қабылдамау керек. Жұмыс берушілер көп жағдайда жоғары жалақымен және кез-келген уақытта тиімді бизнестен шығу мүмкіндігімен қызықтырады. Алайда мұндай жұмысты атқарудың соңы бас бостандығынан айыруға алып келеді, – деді полицейлер.

Следующая →