Биыл Семей қаласында 300 орындық мектеп ашылады
Степной ауылындағы жаңа мектеп құрылысы 2021 жылы басталған, биыл пайдалануға берілмек
Балалар жылы аясында Семей қаласының Степной ауылында 300 орындық жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңа мектептегі кең және жарық оқу кабинеттері заманауи талаптарға сәйкес жабдықталғаны қуантарлық. Технология, химия, биология, физика, информатика, мультимедиалық, лингафондық, АӘД кабинеттері қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жылыту жүйесі орталықтандырылған, - деп атап өтті Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков. - Гимнастикаға арналған кең зал, спортзал, футбол алаңдары дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Заманауи білім беру нысаны ыңғайлы, оқушылар үшін жайлылық және қауіпсіздік шарттарына сәйкес келеді.