Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семей қаласы неге қоқысқа батты?

Қоқыс шығарушы компанияларға қойылатын қандай да бір талаптардың болмауына байланысты осы бағыттағы жұмысты реттеу жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семей қаласы неге қоқысқа батты?

Абай облысының әкімінің орынбасары Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының тұрғындары мен ұйымдарының коммуналдық қалдықтарын жинау, шығару, кәдеге жаратуды ұйымдастыру аясында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында болды. Сонымен қатар, жаңа полигонның жобасымен танысты. Облыс бойынша қызметкерлерге қоқыс тасымалдау және кәдеге жарату мәселелерін шешуге байланысты нақты тапсырмалар берілді.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше апта бұрын облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы бойынша қоқысты жинауды тапсырған болатын. Коммуналдық қалдықтарды уақтылы жинау - қала тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін мәселелердің бірі.

Нәтижесінде, облыс аумағында ҚР Экологиялық Кодексінің жаңа нормаларына сәйкес қоқыс шығарушы компаниялар қатты тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырылған жинау ұйымдастырылады.

Мәселе қоқыс шығаратын компаниялардың ҚТҚ полигонымен өз бетінше шарт жасауында болды. Мемлекет тарапынан процесс реттелмеді. Өткен жылдан бастап Экологиялық кодекстің жаңа нормалары күшіне енді, оларға сәйкес жергілікті атқарушы органдар орталықтандырылған қоқыс жинауды, кәдеге жаратуды, көмуді ұйымдастыруға тиіс болды. Қоқыс шығаратын компанияларды анықтау үшін тендер жариялау, келісімшарттар жасасу және процесті бақылау жасалмады. Процесс өз бетімен өтті, компаниялардың жауапкершілігіне әсер ету тетіктері болмады. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев "өзекті мәселені" шешу механизмін әзірлеуді тапсырды. Бүгінгі таңда қоқыс шығару процесі орталықтандырылған болуы үшін конкурстық құжаттама жасалып, қала учаскелерге бөлінген, - деп атап өтті Абай облысының әкімінің орынбасары Нұрбол Нұрсағатов.

Қоқыс шығаратын компаниялармен келісімшарт жасау жоспарлануда. Шарттық талаптарды уақытылы орындамағаны және бұзғаны үшін қатаң санкциялар көзделетін болады. Осылайша, реттеу механизмі пайда болады. Коммуналдық қалдықтарды орталықтандырылған жинау мен тасымалдауды ұйымдастыруға тендер өткізуді алдағы айда өткізу жоспарлануда.

Көп пәтерлі үйлерді, жеке секторды және саяжай алқаптарын қоса алғанда, қоқыс шығару бойынша тиімді жұмыс істеу үшін Семей қаласының аумағы кәсіпкерлік субъектілеріне бекітілген учаскелерге шартты түрде бөлінген.

Олар қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруға жауапты болады.

Жеке және заңды тұлғалардан қалдықтарды жинауды мамандандырылған ұйымдар жүргізеді, одан әрі ҚТҚ көмуге және кәдеге жаратуға жіберіледі. Олардың қызметі облыс әкімінің аппаратымен реттеледі. Қауіпті емес қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қалпына келтіруді және/немесе жоюды жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен облыстық қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану экология департаментіне қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруге міндетті.

Следующая →