Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде суған батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Семей қаласының тұрғындары батып бара жатқан адамға көмекке келді

Бүгін Семей қаласының Ертіс өзенінде 1983 жылы туған ер адам судан құтқарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. 

Сергей Фоминых суда ер адамның өмір белгілерін көрсетпей су үстінде жатқанын байқап, көмекке қол ұшын созған. Кейін оны өзеннен алып шығуға Ержан Жәңгіров көмектеседі. Судан шығарып олар жағада бірге зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсете бастады. Оқиға орнына реанимациялық әрекеттер жасау мақсатында Виктор Глинский де келеді. Төрт әрекеттен кейін ер адам есін жиып, оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. 

Белгілі болғандай, жәбірленуші досымен бірге өзен жағасында, белгіленбеген жерде демалып, шомылып, есінен танып қалған. 

 ШҚО ТЖД су маңындағы тәртіп ережелерін қатаң сақтауды ұсынады. Олар: 

  • белгіленбеген орындарда шомылмаңыз; 

  • суға мас күйінде кірмеңіз;

  • жалғыз шомылмаңыз, әсіресе егер сіз өз қабілеттеріңізге сенімді болмасаңыз;

  • бейтаныс жерлерде сүңгуге болмайды; 

Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112-ге қоңырау шалыңыз.

Следующая →