Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Соңғы 7 жылда Абай облысына 2 трлн теңгеден астам қаржы құйылды

2015-2022 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы республикалық бюджеттен 390 млрд теңге даму трансфертін алды, оның ішінде Абай өңіріне 200 млрд теңге бағытталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Соңғы 7 жылда Абай облысына 2 трлн теңгеден астам қаржы құйылды
Фото:
ШҚО Ақпараттық орталығы АКҚ-дан

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қосымша 154 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Біз ірі жобаларды іске асырдық, олар: қуаттылығы жылына 50 млн тонна мыс кенін, инвестиция көлемі 760 млрд теңгені құрайтын Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты, өнімділігі жылына 2 млн тонна алтын кенін, инвестиция көлемі 134 млрд. теңгені құрайтын Бақыршық тау-кен байыту комбинаты, қуаттылығы жылына 300 мың тонна, инвестиция көлемі 8 млрд теңге болатын Семей қаласындағы өсімдік майын өндіретін май экстракциялық зауыты, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ, аймақ басшысының айтуынша, жеті жыл ішінде Абай өңірі бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5 есеге, Ауыл шаруашылығын 2,4 есеге арттыруға қол жеткізілді.

ШҚО-ның жалпы көлеміндегі Абай облысының жалпы өңірлік өнімінің үлесі 36 пайызды құрап, 1,9 трлн-ға жетті. бұл 2015 жылғы деңгейден 2,3 есе көп. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2,9 млн теңгені құрайды, - деп толықтырды Даниал Ахметов.

Соңында облыс әкімі Абай өңіріне барлығы 354 млрд теңге бюджеттік инвестиция салынғанын айтты.

Следующая →