Қазіргі уақытта Семейдегі 19 көше жөнделді
Биыл Семейде ұзындығы 60,2 км болатын қаланың 62 көшесін орташа жөндеу жоспарланған
Семей қаласы жариялаған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта Энергетик шағын ауданы бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Жалпы ұзындығы 14,2 км қаланың 19 көшесіне жөндеу жұмыстары аяқталды: Восточная көшесі, Сәтпаев көшесі, Тұқтыбаев көшесі, Толстой көшесі, Бегалин көшесі (Қаржаубайұлы көшесінен Пархоменко көшесіне дейін), Пархоменко көшесі, Қабылбаев көшесі, Шугаев көшесі, 162 «А» мекенжайы бойынша өрт сөндіру бөліміне кіреберіс жолдары, Аймауытов көшесі, Челюскинцев көшесі, Мәңгілік ел, Пржевальский көшесі, Байсалықов көшесі, Чехов көшесі, Бегалин көшесі (Дастенов көшесінен Челюскинцев көшесіне дейін), Энергетик шағын ауданы, Жангелдин көшесі, Қабылбаев көшесі (Шугаев көшесінен Жангелдин көшесіне дейін), Ибраев көшесі.
Сол жағалаудағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қаланың орталық бөлігінде орташа жол жөндеу жұмыстары бойынша конкурс қайта жарияланады.
Асфальттаудан басқа, 2022 жылы жалпы ұзындығы 30 км құм-қиыршық тас қоспасын сеуіп, қаланың 38 көшесін грейдерлеу жоспарланған, - деп жазды Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. - Ағымдағы жылдың 11 шілдесіндегі жағдай бойынша жөндеу жұмыстары 16 көшеде жүргізілді: Ұшақтар кенті, Новостройка көшесі, Суық бұлақ кенті (Цветочная көшесі, Школьная көшесі, Чарская көшесі), Байсалықов көшесі, Бегалин көшесі, Засядко көшесі, Бобровка кентінде (2-тұйық көше, Строительная көшесі), Энергетик шағын ауданынан Сеченов көшесіндегі жаңа үйлерге дейінгі аумаққа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Қаржаубайұлы тұйық көшесі бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, қала көшелері бойынша ұзындығы - 3650 б.м. жиектастарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ескі жол жиектемелерін жөндеу (2000 б.м.) және Қабанбай батыр көшесі бойынша жаңа жол жиектемелерін (1800 б.м.) орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қаланың 7 көшесінде (Мәңгілік Ел көшесі, Дулатов көшесі, Беспаев көшесі, Шәкәрім даңғылы, Момышұлы көшесі, Восход кенті (№34 ЖОМ), Қабанбай батыр көшесі) тротуарларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы ауданы 6532 м2 жұмыстар орындалды. Қазіргі уақытта Шәкәрім даңғылы, Восход кенті (№34 ЖОМ) бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.