Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде кеме қатынасы жандануы мүмкін

Бұрынғы өзен портын аралаған Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев мұнда кеме қатынасын жандандыру қажеттігін атап өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейде кеме қатынасы жандануы мүмкін
Фото:
Абай облысы әкімдігінен

Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызыметі мәлімдеді.

Мен Ертістегі кеме қатынасын жандандыру ниеті туралы айтқан болатынмын. Кез келген кеме үшін пирс қажет екендігі белгілі. Бүгін біз бұрынғы өзен вокзалының жағдайын көруді ұйғардық, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс басшысы қалада кеме қатынасын жаңғырту үшін барлық қажетті, ең бастысы - инвесторлар бар екенін атап өтті.

Бізде ұсыныстар бар, инвесторлар бар. Бұрын Өскемен мен Омбы арасында Семей арқылы біздің мақтанышымыз – "Ракеталар" жүретін. Кеме қатынасын қайта жандандырсақ жақсы болар еді. Иә, менің ойымша, қазірдің өзінде көпшілігін жолдармен жүру шаршатты. Өскеменнен Семейге дейін шлюздеуді есепке алғанда үш жарым сағаттай. Көбісі мінеді деп ойлаймын. Жүк тасымалдарына келетін болсақ - бұл жеке тақырып, оны есептен алып тастамаймыз, бірақ оған басқа инвесторлар қажет болады, - деп түйіндеді Нұрлан Ұранхаев.


Следующая →