Қаңтар оқиғасындағы жанқиярлық ерлігі үшін марапатталды
Ұлттық ұланның қатардағы сарбазы ІII дәрежелі Айбын орденінің иегері атанды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 5511 әскери бөлімінің қатардағы Мұхтар Үсенов ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен наградталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Қаңтар оқиғасы кезінде бір топ азаматтар 17 қатардағы жауынгер қоршауға алғанда Мұхтар Үсенов топты жарып, сарбазтарды қорғанысқа қайта дайындайды. Осы кезде қолына қару алып алаңға шыққандардың бірі оның тура аяғына оқ атып, қатардағы Үсеновты жаралайды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында жарасының ауырлығына қарамастан ол отан алдындағы борышын абыроймен орындап,кейін ауруханаға жеткізіледі, - деп атап өтті "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді.
Бұл ерлігі үшін қатардағы Мұхтар Үсенов ІIІ дәрежелі “Айбын” орденімен наградталды. Мұндай жоғары дәрежелі марапатты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі табыс етті.