Абай облысы: Колледж ғимараттарын тартып алмайды
Оқу ғимаратынан айырылып қаламыз деген сутденттер қарсылық шеруін ұйымдастырды
Абай облысының құрылуына байланысты жаңадан ашылатын мемлекеттік органдарға ғимараттар қажет. Шығыс Қазақстан техникалық колледжінің ғимаратын мемлекеттік ұйымдардың біріне алып қоймақшы деген сыбыс тарады, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі.
Шығыс Қазақстан техникалық колледжінің ғимаратын мемлекеттік ұйымдардың біріне бере салады деген ақпараттан кейін колледж студенттері шеруге шықты. Дегенмен бұл жоқ жерден шыққан негізсіз ақпарат болып шықты.
Облыстардың бөлінісіне байланысты әкімшілік жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ білім нысандарының, колледждердің ғимараттарын жабу немесе көшіру мәселесі күн тәртібінде жоқ. Мемлекеттік органдарды колледж ғимаратына орналастыру қарастырылмайды, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкәрімқызы.
Сонымен қатар облыс басшысы Даниал Ахметовте әкімдікте өткізілген кезекті жиындардың бірінде бұл ақпараттың бос қауесет екенін айтты.
Мемлекеттік органдардың білім нысандарына орналасуы туралы ақпарат бос сөз. Біз жағдайды қарастырып жатырмыз, Семейде жеке бизнес секторындағы ғимараттар да, мемлекеттің балансында тұрған бос ғимараттар жеткілікті. Бірде бір мектеп, не шығармашылық, не білім беретін мектеп, не бір колледж ғимараты осы мақсаттарға босатылмайды. Бір бизнес бағытының өзі бізге 37 мың шаршы метр бос орын бере алады. Коммуналды қызметтерден 10 мың шаршы метр шығады. Сондықтан мұның барлығы 96 ұйымды орналастыруға жеткілікті, - ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Демек, Шығыс Қазақстан техникалық колледжінің ғимаратын тартып алу туралы ақпарат жалған.