Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да есірткі сататын қарт адам ұсталды

Бұған дейін сотталған қаскүнем уақытша ұстау изоляторына қамалды, ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Пожилого мужчину поймали на сбыте наркотиков в ВКО
Фото:
ДП ВКО

Құқық қорғаушылар Семейдің 61 жастағы тұрғынын "гашиш" дозасын басқа қала тұрғынына сегіз мың теңгеге сатқан кезде ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын сотты болған.

Күдіктінің пәтерінен балконнан өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат салынған бір полимерлік және бес қағаз түйіншек табылды, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Сондай-ақ, ас үй бөлмесінің терезесінен ерекше иісі бар жасыл түсті қатты зат, бір қағаз түйіншек табылды және тоңазытқыштан жасыл түсті ұнтақ заты бар полимерлі түйіншек алынды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ұнтақ заты бар пластикалық контейнер тапты.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар жалпы салмағы 169,29 грамм "гашиш" есірткі құралы болып табылады. - деп хабарлады ШҚО ПД. - Қазіргі таңда қаскүнем уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 2-бөлігі "есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Следующая →