Семей қаласының тұрғыны түрмеге тыйым салынған заттар лақтырмақ болған
Тексеріс барысында ер азамат түрме ішіне "Орро" маркалы смартфон мен usb cымын және SIM карта салынған роутерді лақтырмақ болған
Семей қаласының №19 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірге 5511 әскери бөлімінің бақылау қызметінің взвод командирі аумақты патрульдеу барысында бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған Ж. есімді азамат ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұсталған азаматтың тыйым салынған заттары жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, күзет бөлмесіне тапсырылған.
Күдіктінің айтуынша, оның түзеу мекемесінде танысы болмаған. Ол таяуда қаладағы дәмханалардың бірінде бейтаныс адаммен танысқан. Бейтаныс адам түрме ішіне телефон мен роутерді лақтыруға қолқа салып, ақысына 15 000 мың теңге ұсынған.