Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +3°
$
524.02
+1.39
545.19
-3.47
¥
71.82
+0.08
5.09
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқушы ғарышқа энергия жеткізу құрылғысын ойлап тапты

Абай облысының 9-сынып оқушысы инновациялық құрылғы ойлап тапты

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Оқушы ғарышқа энергия жеткізу құрылғысын ойлап тапты
Фото:
t.me/oqu_agartu

Ол ғарыш кеңістігінде лазерлік сәулелену арқылы энергия жеткізеді, ғарыштағы жерсеріктер мен ғарыш станцияларын энергиямен қамтамасыз етуге арналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Нұрали Амангелдиевтің туындысы ғарыш кемесі іспетті екі модельден тұрады. Оның бірінде лазер сәулесін екінші кемеге бағыттайтын фокус жүйесі орнатылған, ал екіншісінде лазер сәулелеріне сезімтал фоторезистор бар. Лазер сәулесі фоторезисторға түсіп, түрлендіргіш арқылы электр энергиясын өндіреді. Бұл энергия шамын жағу немесе ұялы телефонды қуаттау үшін жеткілікті. Құрылғы энергияны 10 метр қашықтыққа дейін жеткізіп, жаңбыр, қар және тұман сияқты түрлі ауа-райы жағдайларында сынақтан өтті.

Ғарышта энергия тапшылығы мәселесі бар. Жерсеріктер мен ғарыш кемелері энергияның аздығынан істен шығуы мүмкін. Мен ғарышкерлерге көмек ретінде осы құрылғыны жасадым. Жобаны жасауға екі жылдан астам уақыт жұмсадым, қолжетімді материалдарды пайдаланып, ғарышта энергия жеткізу мүмкіндігін және ғарышта лазермен энергия жеткізу әлдеқайда тиімді болатынын дәлелдедім, – дейді жас өнертапқыш.

2019 жылы Нұрали өз жобасын Мәскеу физика-техникалық институтының байқауында таныстырып, жоғары бағаға ие болды. Кейін құрылғыға қуаты мықты лазер орнатып, бағдарламалық кодын жетілдірді.

Жас өнертапқыш жобасын одан әрі дамытып, Байқоңырда өтетін халықаралық байқауға қатысуды жоспарлап отыр. Болашақта құрылғыға күн батареяларын қосып, оны тұрмыстық қажеттіліктерге, оның ішінде лазерлік зарядтау құрылғылары арқылы ұялы телефондарды қуаттауға қолданып көрмек.

Следующая →