Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +4°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -6°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    +13°
$
504.76
+0.16
593.8
-0.47
¥
72.05
+0.04
6.5
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да заңсыз алтын өндіргендердің жазасын жеңілдетпек болғандар сотталды

Биыл күзде Самар ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобы ұсталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Самарское (район Самар) / ШҚО-да заңсыз алтын өндіргендердің жазасын жеңілдетпек болғандар сотталды
Фото:
pexels

Ал сол күдіктілердің бірінің жазасын жеңілдетуге көмектеспек болған бәзбіреулер 10 000 АҚШ долларын алу кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚМА ШҚО бойынша департаменті жер қойнауын пайдаланушылардан ақша алу схемасын ұйымдастырған екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Еске салсақ, 2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданының "Кенкарын" учаскесінде "Құлынжон" өзенінің арнасын өз бетінше өзгерту арқылы бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының әрекеті тоқтатылған болатын. Олардың әрекеттері салдарынан экологиялық залал 54 млн теңгеден асты.

Осы жағдайды пайдалана отырып, қылмыскерлер күдіктілердің бірін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түріне өзгертуге жәрдем көрсетеміз деген сылтаумен 10 000 АҚШ долларын беруге көндірген, - деп мәлімдеді ҚМА ШҚО бойынша департаменті. - Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған тұлғалар ақша алу кезінде ұсталған. Сот үкімімен оларға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →