Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде су басқан үйлердің айналасын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ауласы мен үйін су басқан риддерліктерге уақытша басқа баспанада тұру мүмкіндігі қарастырылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде су басқан үйлердің айналасын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Риддердегі Хайрузовка өзені арнасынан асып, бірнеше үйді және үй аулаларын су басқан болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазіргі таңда ШҚО ТЖД мамандары су сору, іргетастарды кептіру жұмыстарын жүргізуде. Қажет болған жағдайда кептіру кезеңінде бұл үйлердің тұрғындары басқа баспана беріледі.

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев та барып, жағдайды бақылауда.


Ермек Көшербаев су басқан жерлерді қарап шығып, кез келген жекеменшік иесі жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін атап өтті.

Егер бұл дүлей зілзала болса, ол қайталанбас үшін әрекет ету жоспарын ойластыру керек. Жыл сайын мұндай болуы мүмкін емес қой, - деп атап өтті Ермек Көшербаев. - Бұл мәселені шешудің барлық нұсқаларын қарастыру қажет. Олардың ішінен ең оңтайлысын таңдап, ақша бөлу қажет.

Ермек Көшербаев Риддер ЖЭО-да болып, суық түскен жағдайдағы жылу көзінің жұмысын тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ЖЭО-да ауқымды қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қысқа мерзімде, жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталған. Қазіргі уақытта барлық жабдықтар жұмыс істеп тұр, жұмыста істен шығу мен бұзушылықтар орын алған жоқ. Аймақ басшысы басқарушы компания мен қала басшылығына жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Следующая →