Риддер тұрғыны полиция көлігіне тас лақтырған
Енді ол екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ол көлік полиция бөлімінің алдында тұрған жерінде зақымдаған, деп хабарлайды Устинка LIVE Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
28 жастағы Риддер тұрғыны Риддер полиция бөлімі ғимаратының алдындағы автотұрақта бұзақылық ниетпен "ВАЗ" маркалы қызметтік көлікке тас лақтырып, көліктің алдыңғы қанаты мен терезе тазалығышын зақымдаған, - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.