Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддер ЖЭО-да бірінші қазандық іске қосылды

Жылу алдымен әлеуметтік нысандарға беріле бастайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддер ЖЭО-да бірінші қазандық іске қосылды
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Келесі аптада тағы бір қазандық іске қосылмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Біз №3 қазандыққа от жақтық. Отынға мазут қоспасын пайдаландық. Бұдан кейін ыстық сумен шаямыз да, оны ары қарай желіге жібереміз,- деді Риддер әкімі Дәулет Батырбаев.

Экрандар, бумен жылытқыштар және құбырлар жаңа болғандықтан, бұл көп уақытты алмайды.

Жүйе қызған соң қалаға ыстық су беріледі, алдымен әлеуметтік нысандарға, яғни балабақша, мектеп, ауруханаларға.

Күн суытып, сәйкес температуралық режим қалыптасқаннан кейін жылу беріле бастайды, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар қосылады.

Сенімгер басқарушы, "Риддер су арнасы" КММ басшысы Константин Ханның мәліметі бойынша, келесі аптада тағы бір қазандық іске қосылмақ, бұл – орташа қысымдағы №1 қазандық агрегаты. Одан кейін – үшінші қазандық, яғни №2 қазандық агрегаты іске қосылады.

Оның айтуынша, Риддер ЖЭО-да отын жоқ деген қауесет таралып жатыр екен, бірақ бұл шындыққа жанаспайды.

Бүгін станцияда 20 күнге жететін көмір қоры және мазут қоры бар, - дейді Константин Хан.


Следующая →