Риддер тау-кен байыту кешенінде жарылыс болып, өзенді ластады
Риддер қаласы маңындағы Филипповка өзеніндегі су сүтті реңкке боялды
Қазір Экология департаментінің мамандары тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE.
27 шілдеде ШҚО бойынша Экология департаментіне Филипповка өзенінің ластануы туралы ақпарат келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің қалдық қоймасында құбыр жарылған. Қазіргі уақытта барлық технологиялық процестер тоқтатылды. Нәтижесінде өзен су сүтті реңк алды, - деп мәлімдеді ШҚО бойынша Экология департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына Экология департаментінің қызметкерлері мән-жайды анықтап, ластану ошағын оқшаулау жөнінде шаралар қабылдау үшін жедел түрде барды.
Жұмыс нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.