Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде полиция жолаушының бетіне бұрышты баллон бүркіп жіберген

Патрульдік полицейдің кеудесіндегі бейнетіркегіш камера арқылы қызметкер әрекетінің дұрыстығы дәлелденді

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде полиция жолаушының бетіне бұрышты баллон бүркіп жіберген
Фото:
polisia.kz

Өйткені мас азамат полицейлердің заңды талабына қарсы келіп, ескертулерін елемеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Әлеуметтік желіде Риддер қаласында патрульдік полиция қызметкері көлік жүргізушісінің бетіне баллоннан сұйықтық бүріккені бейнеленген жазба тарады. Осыған байланысты ШҚО ПД жауап берді.

4 маусымда сағат 19.28 шамасында Риддер қаласында патрульдік полиция взводының қызметкерлері Mazda 626 автокөлігін тоқтатқан. Өйткені жүргізуші жол таңбасының үздіксіз жолағын кесіп өтіп, басып озу маневрін жасау арқылы жол жүру ережесін бұзған. Көлік ішінен мас жолаушы шығып, тәртіп сақшыларына агрессия көрсетіп, әдепсіз сөз сөйлеп, қарсылық танытқан. Қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің автокөлікке отыруын сұраған ескертулерін елемеген. Осыдан соң азаматтың одан әрі заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін полиция қызметкерлері арнайы құрал қолданды, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратында.

Аталған факті бойынша жолаушыға қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіліне немесе оның талабына бағынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-ның 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, автокөлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-ның 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Риддер қаласының прокуратурасына ұсынылған портативті бейне тіркегіштегі материалдар зерделеніп, олардың нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер анықталмады. Қазіргі уақытта заңды тұлғаның талабына бағынбаған азаматқа қатысты ҚР ҚК-ның 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.





Следующая →