Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі ЖЭО-да жарылыс болды

Риддер жылу орталығында аймақтық масштабтағы төтенше жағдай жарияланды

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі ЖЭО-да жарылыс болды

Осыған байланысты астанадан комиссия келіп, тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

23 наурызда сағат 7.50-де Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты. Қазандықтарға көмір беру сағат 13.00-де қалпына келтірілді, - делінген министрлік ақпаратында. - Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы оқиғаға орнына бару үшін дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет пен Риддер ЖЭО өкілдері және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Қазіргі уақытта ЖЭО-дағы 6 қазандықтың 2-еуі жұмыс істейді. Қалған 4 қазандықта ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу желісінің температурасы – 70/46 градус графикте 45/35 градус.

Риддер қаласының әкімі де тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ деп сендірді.

Қала тұрғындарына алаңдауға негіз жоқ. Ауыр апат емес, мамандардың айтуынша технологиялық процесс бұзылған жоқ, - деп жазды Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой. - Бүгін таңертең шаңның жиналуынан жанар-жағармай трактында жарылыс болды. Риддер тұрғындарын қою қара түтін шошытқанымен, қорқатындай ештеңеге болған жоқ. Зардап жеккендер жоқ, станцияда ештеңеге зиян келген жоқ. Екі қазандық штаттық режімде жұмыс істеп тұр, біреуі техникалық қызметте, тағы екеуі жөндеуде. Жыл беру температурасы 45 градус болса, Риддердегі сыртқы ауа температурасы -6ºС.

Осы орайда айта кетейік, 17 наурызда №4 жоғары қысымды қазандық блогының 4А желдеткішінде электр кабелінің қысқа тұйықталуы орын алған болатын. Риддердегі халық тағы да жылусыз қалған. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімі Даниал Ахметов Риддерге барып, кезектен тыс көшпелі кеңес өткізген болатын.

Станцияның жаңа иелері технологиялық бұзушылықтарға жол берген, инженерлік бақылау жүргізбеген, - деп атап өткен болатын осыдан екі күн бұрын Риддерге барған облыс әкімі. - Нәтижесінде осындай жағдай орын алды. Қаңтар айынан бастап олар жабдықты жөндеуге, дебиторлық берешекті өтеуге еш қаражат бөлмеді. Қазір мазут пен көмірдің қоры бар, қосымша отын жеткіземіз, өйткені басты міндет - жылыту маусымын аяқтау. Бүгіннен бастап менің өкімім бойынша станцияда өрт сөндіру машинасы, төтенше жағдай есебі, Риддер әкімінің орынбасары және салалық ведомстволардың өкілдері кезекшілік ететін болады. Көріп отырғанымыздай, Риддер ЖЭО-ның жаңа иелеріне сенім жоқ. Сондықтан мәселенің жалғыз шешімі - жылу көзін коммуналдық меншікке беру. Келесі аптада тағы бір жиналыс өткіземін, онда мен станция иелерінің нақты ұсыныстарын тыңдайтын боламын. Бірақ өз тарапымыздан орталықта күрделі жөндеу жүргізу және жаңа жылыту маусымына лайықты дайындалу үшін заңнамалық түрде коммуналдық меншікке алу шараларын бастаймыз.

Ал бүгін Риддер қаласында аймақтық масштабтағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Риддер ЖЭО жұмысында үлкен олқылықтар орын алғандықтан қалада аймақтық масштабтағы төтенше жағдай жарияланды, - деді Даниал Ахметов. - Өкінішке қарай, станцияның жаңа иесі - "RNGK" ЖШС ешқандай белсенділік танытпады. Өткен кезең үшін кредиторлық қарыз күрт өсіп, 3 млрд 100 млн теңгені құрады. Одан өзге, көмір, мазут, электр қуатын жеткізу және 6 қарашада барлық қажетті ағымдағы шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компаниялардың қызмет ақысын төлеуде үлкен қиындықтар туындады. Өткен кезеңде орталық жұмысы 67 рет істен шыққан. Одан өзге, соңғы бірнеше күнде 4 және 5-ші қазандықтарда өрт шықты, кабель және сым өнімдері өртеніп кетті; жанар-жағармай трактында жарылыс болды. Осының барлығы станцияның технологиялық тиімділігіне елеулі проблемалар туғызады. Төтенше жағдай туындамас үшін станцияны басқаруды өз қолымызға алуға мәжбүрміз.

Сондай-ақ, облыс әкімі жылыту маусымы аяқталғанша жағдайды тұрақты ұстап тұру үшін көмір, мазут, электр қуатын жеткізу мәселесі бүгінде шешім тапқанын жеткізді.

Ал ШҚО Прокуратурасы Риддер ЖЭО-да 2022 жылдың қарашасында орын алған апат себептерін анықтау үшін жүргізілген тексерістердің нәтижесін жариялады.

Нәтижесінде "Риддер ЖЭО" АҚ-ның техникалық жағдайы нашар болғаны анықталды. 240-тан астам заңнама бұзылған. Прокуратураның қадағалау актілері бойынша уәкілетті органдар ЖЭО қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданды, - делінген ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Прокуратураның ұсынысы бойынша "Риддер ЖЭО" АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеу арқылы 21,7 мың тұтынушыға жалпы сомасы 63,3 млн теңге залал өтелді.

Бұдан басқа, тексеру барысында тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қаражатын (548 млн теңге) мақсатсыз жұмсау туралы табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды, - делінген мәлімдемеде. - "Риддер ЖЭО" АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18 -ға төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті.


Следующая →