ШҚО-да былтыр қос азаматтығы бар 50-ден астам адам анықталған
Екі жыл Ресей азаматтығымен жүргенін жасырған Риддер тұрғынына айыппұл салынды
Одан Қазақстанның паспорты тәркіленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстан заңнамасы бойынша кез келген адам басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруға және азаматтығынан айырылғанын тіркеуге міндетті.
Алайда Қазақстанның кейбір тұрғындары басқа мемлекеттің азаматтары бола отырып, Қазақстанға кіру және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланады. Қазақстанның әлеуметтік төлемақысын, зейнетақы және басқа да жеңілдіктерін пайдалану үшін азаматтықтың ауысу фактісі туралы хабарлауға асықпайды.
Ағымдағы жылдың қараша айында көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтығы бар Риддер қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2020 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда ол туралы мәлімдемеген және сәйкесінше ҚР азаматтығынан уақтылы шықпаған, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
Сот шешімі бойынша құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-ның 496-бабы 2-бөлігі бойынша 200 АЕК айыппұл салынды.
Одан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айрылды.
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 50-ден астам қос азаматтық фактісін анықтады, - деп жалғастырды Ринат Шкибаев.