Риддердегі жылу электр орталығында түнде тағы апат орын алды
Риддер қаласындағы жылу электр орталығында түн ортасында тағы ақау шықты
Қала әкімдігі осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
9 қарашада жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қараша күні түнгі сағат 01.00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталып кетті, - деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.
Қазіргі уақытта орташа қысымды 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Жөндеу жұмыстарына барлық мамандар мен жабдықтар жұмылдырылған.