Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде ТЖ жарияланды: 22 мың үй жылусыз қалған

Риддердегі оқушылар бүгіннен бастап қашықтықтан оқып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде ТЖ жарияланды: 22 мың үй жылусыз қалған

5 қараша күні сағат 20.00-де күл шығару жүйесіндегі жылу станциясында сорғы істен шығып, № 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Нәтижесінде салқындатқыштың температурасы +39 °С дейін төмендеді (қалыпты температура мөлшері +70 °С). Қазіргі уақытта Риддер қаласының 22 мыңнан астам абоненті үшін жылу беру азайтылды.

Риддерде "Риддер-ЖЭО" АҚ-да орын алған төтенше жағдай бойынша шұғыл түрде штаб құрылды, - деп мәлімдеді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Шұғыл түрде менің басшылығыммен апатты жою жөніндегі штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ, жылу станциясына Согра және Өскемен ЖЭО, "Өскемен жылу желілері" АҚ мамандары келді. Қазіргі уақытта күл шығару жүйесінде қозғалтқышты ауыстыру, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. ЖЭО-ға қосымша 120 тонна мазут жеткізілді, отынды жөнелту жалғасуда.

Апатты жағдайды жою үшін "Қазмырыш" ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам қызметкер жіберіп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қосымша жабдықтар бөлді. Сондай-ақ, Өскеменнен көмек ретінде "Востоквзрывпром" ЖШС-ның 20 қызметкері келді. Сонымен қатар, қаланың энергожүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ Риддерге 12 авариялық бригада жіберді.

Бүгін мектептерде екінші тоқсан басталды. Ал риддерлік оқушылар сабақты үйден оқитын болды. Риддер қаласының білім бөлімі басшысының м.а. бұйрығымен 7-11 қарашадан бастап мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту формасына көшеді. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін қаланың мектепке дейінгі мекемелері жұмысын тоқтатады.

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес бұл авариялық жағдай жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ретінде жіктеледі, - деді облыс әкімі. - Жағдай ерекше бақылауда. Риддер қаласын жылумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Следующая →