Өскемен
облачно
-29°
  • Өскемен
    -29°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    -24°
  • Ақтөбе
    -18°
  • Актау
    -4°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -20°
  • Көкшетау
    -27°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -29°
  • Петропавловск
    -33°
  • Тараз
    +2°
  • Туркестан
    -16°
  • Шымкент
    +8°
$
510.95
+0.52
594.49
-0.37
¥
73.34
+0.13
6.5
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі жылыту орталығының жұмысы бақылауда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Глубокое ауданы мен Риддер қаласына барып, жылыту маусымындағы жұмыс барысын бақылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі жылыту орталығының жұмысы бақылауда
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Риддер қаласындағы "Шығыс Жылу" АҚ балансындағы жылу электр орталығында жылыту маусымына жоспарланған жұмыстар 100 пайыз орындалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әкім әуелі Белоусовка кентіндегі "Востокэнерго" ЖШС-ның жылу қазандығының жұмысымен танысты. Ол 43 көппәтерлі үйді тұрақты жылумен қамтамасыз етіп тұр. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 15,8 шақырым. Қазандықтың орнатылған жылу қуаты - 72,5 Гкал/сағ. Аймақ басшысы өз сөзінде аязды күндері халықты жылумен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. 

Одан соң Риддердегі "SHNET" ЖШС қазандықтарының жұмысын көрді. Мұндағы №3 және 6 қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ №4, 5 және 6 қазандықтардың күл шығару арналарының металл құрылымдары жаңартылған.

Ал "Шығыс Жылу" АҚ балансындағы жылу электр орталығында жылыту маусымына орай жоспарланған жұмыстардың жалпы орындалу деңгейі 100 пайызды құрайды. №1, 2, 4 және 5 қазандық агрегаттары ағымдағы жөндеуден өтті. №3 және №6 қазандықтарды күрделі жөндеу толық аяқталды. 

Жылу желілерін жөндеу бойынша жұмыстардың жалпы орындалу деңгейі – 99 пайыз. Жобаға төрт мердігер ұйым тартылған. 

Бүгінде "Шығыс Жылу" АҚ балансындағы ЖЭО-да 400-ге жуық адам еңбек етеді. Орташа жалақы – 378 мың теңге. Жұмыстан шығып кеткен мамандар ұжымға қайта оралған. Бұл сенім мен тұрақтылықтың белгісі. Бұл маңызды нысанға қолдау білдірген мемлекет басшылығына алғыс білдіремін! – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Қазіргі уақытта орталықта 23 155 тонна көмір қоры бар, бұл 25 тәулікке жетеді. Көмірдің тәуліктік шығыны - 900 тонна. Мазут қоры - 550 тоннадан асады. "Қаражыра" АҚ-дан қаңтар айында жоспар бойынша 35 000 тонна көмір жеткізілмек. 

Желтоқсан айында 27 мың тоннаға жуық көмір жеткізілген. Осы сәтте №1, 2, 3, 5 қазандықтар және №1 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО әкімі Риддердегі ЖЭО Белоусовка