Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
524.65
-0.63
607.02
-0.83
¥
73.72
-0.07
6.48
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде "Анатау" туристік кешенін ашу бойынша жұмыстар жүріп жатыр

"Анатау" тау шаңғысы кластері - Шығыс Қазақстандағы қысқы және экстремалды туризмнің жаңа көрінісі болмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде "Анатау" туристік кешенін ашу бойынша жұмыстар жүріп жатыр
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Жобаның концепциясы мен техникалық шешімдерін Швейцария компаниясы әзірлейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жобаны дайындау барысында Риддер қаласы әкімдігінің, облыстық салалық басқармалардың өкілдері және Швейцарияның Bartholet Maschinenbau AG компаниясы мамандары қатысқан жұмыс сапарлары мен кеңестер өткізілді, - дейді Риддер қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарып отырған Қаныбек Төлеухан. - Иванов жотасы мен Проходной Белок аумақтарына жіті назар аударылып, мұндағы инженерлік инфрақұрылым, табиғи жағдайлар мен жер учаскелерінің құқықтық мәртебесі мұқият зерттелді.

Аэрофототүсірілім материалдары дайындалып, жобалау үшін барлық бастапқы деректер жиналды. Учаскелердің болжамды шекаралары анықталып, кейбір жерлерді мемлекеттік орман қоры құрамынан шығару мәселесі қарастырылды.

Екі аумақты кешенді дамыту ұсынылды:

  • Иванов жотасы - тау шаңғысы кешені және бұқаралық туризм;
  • Проходной Белок - қармен жүретін техника және экстремалды туризм.

Осы аумақтарды біртұтас инфрақұрылымдық жүйеге біріктіру мүмкіндігі де қарастырылуда. Алынған материалдар жобаның концепциясы мен техникалық шешімдерін әзірлеу үшін Швейцария компаниясына тапсырылды.

"Анатау" жобасы іске асып, Риддерде заманауи жыл бойғы туристік кластер пайда болса, қысқы да, жазғы да демалыс түрлері кеңейіп, қала қонақтары көбейеді. Сонымен қатар, Риддер Шығыс Қазақстандағы белсенді әрі экологиялық туризмнің жаңа орталығына айналмақ, - деген пікірде Қаныбек Төлеухан.

Следующая →