Риддерде тау баурайына шырша мен емен отырғызылды
Риддер қаласында "Таза Қазақстан" бастамасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті

Фото:
Риддер қалалық әкімдігінен
Круглая сопка тауының баурайы күл-қоқыстан тазартылып, онда 120 шырша мен 80 емен көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Акцияға түрлі ұйымдардан 400-ден астам адам қатысты. Олар аумақты қоқыстан тазалады. Соның нәтижесінде бұл тұрғындардың демалуы үшін анағұрлым таза әрі жайлы орынға айналды.