Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +34°
$
524.24
+3.31
612.94
+3.87
¥
73.15
+0.47
6.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде тозығы жеткен 6 шақырым жылу желісі жөнделеді

Биыл қаладағы 23 учаскедегі жылу желілерінің 6 шақырымнан астам бөлігі күрделі жөндеуден өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде тозығы жеткен 6 шақырым жылу желісі жөнделеді
Фото:
instagram/energy.vko

Қаржы кеш бөлінуіне байланысты жұмыстарды қарқынды жүргізу қажет. Ол үшін жөндеу жұмыстарына 4 мердігер ұйым жұмылдырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ақпаратына сүйеніп.

Аталған учаскелерде көп жылдан бері жөндеу жүргізілмегенін ескерсек, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмесе, жылу желілері одан әрі тозып, істен шығу қаупі жоғары болар еді, - деп ескертеді басқармадағылар.

Биыл станцияда кең көлемді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл қала тұрғындарын алдағы жылыту маусымында тұрақты әрі сенімді жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.

2025 жылғы науқан аясында мынадай негізгі жұмыстар атқарылуда:

  • №3 және №6 қазандық агрегаттарына негізгі элементтерін толық ауыстыра отырып, күрделі жөндеу жүргізу,
  • №2 турбогенераторға күрделі жөндеу,
  • №1, 2, 4, 5 қазандар мен №1 турбогенераторға ағымдағы жөндеу,
  • тарату құрылғыларын реконструкциялау,
  • технологиялық процестерді басқару жүйелерін жаңғырту,
  • станция ғимараттарын, шатырларын және отын беру жүйесін жөндеу мен жаңарту,
  • жылу есептеу жүйелерін ауыстыру және баптау,
  • электр қозғалтқыштарын жөндеу,
  • жаңа күл үйіндісінің жобасын әзірлеу,
  • бу құбырлары мен коллекторларға техникалық тексеру жүргізу.

Жабдықты жаңарту, тозған элементтерді ауыстыру және жаңа технологияларды енгізу станция жұмысының сенімділігін едәуір арттырады. Барлық іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, тұрақты бақылауда, - деп мәлімдеді  ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. - Бүгінгі таңда жөндеу кестесіне сәйкес №1 қазан агрегатына (оқшаулау, шаң дайындау жабдығы, қосалқы механизмдер жөнделіп, АҚК тазаланған) және №4 қазан агрегатына (күл ұстау механизмдері, бағыттаушы аппараттар, түтінсорғыштар, МҚТБ, гидрокүл шығару шнектері, сондай-ақ қазанның конвективті және отындық бөлігінің оқшаулауы жөнделген) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Следующая →