Риддерде алғаш рет ұлттық "Атамұра" ойындары өтті
Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысты

Қазақтың дәстүрлі спорт түрлері - қыз қуу, топ бәйге, аударыспақ, шырға тарту, арқан тарту, қазақша күрестен жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары жаппай жүгіріп жарысты. Кешкісін концерт ұйымдастырылды.
Ұлттық ойындарға Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы, Өскемен, Алтай, Талдықорған, Көкшетау қалаларынан келген делегациялар қатысты.
Мұндай шаралар ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дәріптеуге, өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.