Өскемен
облачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +23°
  • Шымкент
    +31°
$
541.45
-3.42
631.17
-7.85
¥
75.48
-0.54
6.78
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі аурухана кешенінің құрылысы қашан аяқталады?

Қайтарылған активтер есебінен ШҚО-да 7 әлеуметтік нысан салынады

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі аурухана кешенінің құрылысы қашан аяқталады?
Фото:
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Өскемен және Риддер қалаларында, Ұлан және Шемонаиха аудандарында қайтарылған қаражат есебінен денсаулық сақтау және коммуналдық инфрақұрылым жаңғыртылуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО прокуратурасы ақпаратына сүйеніп.

Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға одан әрі тарту бойынша жүйелі және дәйекті жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет республика бойынша 333 әлеуметтік нысан салуды мақұлдады.

Біздің өңірде қайтарылған қаражат есебінен денсаулық сақтау және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларындағы (Өскемен және Риддер қалаларында, Ұлан және Шемонаиха аудандарында) 7 әлеуметтік нысанның құрылысы мақұлданды, - деп мәлімдеді ШҚО прокуратурасы.

Мысалы, Риддер қаласында аурухана кешенінің құрылысы 2021 жылдың желтоқсанында басталды. Жобаның жалпы құны - 34,8 млрд теңге, оның 11,8 млрд теңгесі медициналық жабдыққа бөлінген. Қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыстар тоқтатылды.

2024 жылы прокуратура органдарының жұмысының арқасында арнаулы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер есебінен объектінің құрылысын аяқтауға 28,1 млрд теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінді.

Кешенге жалпы ауданы 40 106,84 м2 үш ғимарат кіреді:

  1. Стационар (5 блок, 3-5 қабат, жалпы ауданы29 563,36 м2) — дайындық 40%.
  2. Емхана (5 блок, 4 қабат, 400 ересек және 100 балаға, ауданы 9 991,2 м2) - дайындығы 85%.
  3. Ас блогы (1 қабат, ауданы 627,76 м2) — дайындығы 92%.

Бүгінгі таңда емхана бойынша қаңқа мен қасбет аяқталды, соңғы кезеңде әрлеу жұмыстары, сантехника, кіру тобының құрылғысы аяқталды.

Стационар бойынша 100% Б блогында (3 қабат), А блогында (5 қабат) — 60% жұмыстар орындалды. Монолитті жұмыстар жүргізілуде, сыртқы қабырғаларды қалау, бөлімдер салу, әрлеу және қасбеттік жұмыстар басталды. Нысанда 300 адамжұмыс істейді.

Құрылыс осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

Следующая →