Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +27°
$
513.68
-1.35
583.03
-1.79
¥
70.39
-0.28
6.24
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде гемодиализ орталығы ашылды

Енді бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар Өскеменге сабылмайтын болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде гемодиализ орталығы ашылды
Фото:
Устинка LIVE

Риддер қаласында ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар 9 пациент тұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі қалалық әкімдік ақпаратына сүйеніп.

Риддер жұқпалы аурулар ауруханасында гемодиализ орталығы ашылды. Енді ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар 9 пациент аптасына 3-4 рет Өскеменге бармай-ақ, өз қаласында тегін қажетті ем алу мүмкіндігіне ие болды.

Жаңа орталыққа Германия өндіретін арнайы жабдық сатып алынды. Бұл әр пациенттің медициналық картасын сақтау мүмкіндігі бар сенсорлық аппараттар және толық қауіпсіздік үшін жоғары тиімді сүзгілер. Сонымен қатар, төрт сағаттық емдеу кезінде жағдайды реттеуге арналған ыңғайлы креслолар бар, - делінген әкімдік ақпаратында.

Пациенттерді тегін инватакси тасымалдайтын болады. Моноқалалар арасында мұндай қызмет тек Риддерде бар. Аталған салаға мемлекеттен 35 миллион теңге бөлінді.

Следующая →