Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде 10 миллион теңгенің тыйым салынған тауары тәркіленді

Риддер қаласындағы жедел уәкілдер 900-ден астам электронды темекіні тәркіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде 10 миллион теңгенің тыйым салынған тауары тәркіленді
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

21 жастағы күдікті тыйым салынған тауарды жергілікті тұрғынға сату кезінде қолға түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Риддер тұрғыны қойма ретінде пайдаланған ғимараттан шамамен 10 миллион теңге тұратын 916 электронды темекі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті товарды мессенджер арқылы сатып алып, кейін өзі сатуды көздеген, - делінген ШҚО ПД ақпаратында. - Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін күдіктіге 200 АЕК-ке дейін айыппұл, дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары мен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, биылғы 20 маусымнан бастап заң күшіне енгеннен кейін Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2200-ден астам вейп, 540-тан астам хош иістендіргіш пен сұйықтық, 54 темекі өнімі, 240 картридж және 56 буландырғыш тәркіледі.

Заң күшіне енгеннен бастап 11 қылмыстық іс тіркеліп, 4 іс бойынша айыптау үкімі шықты. Кінәлілерге жалпы сомасы 150 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Следующая →