Өскемен
пасмурно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +13°
$
538.13
624.88
¥
75.56
6.64
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Марқакөл ауданында келесі жылы бірнеше жол жөнделеді

"Омбы–Майқапшағай–Теректі–Игілік–Шенгельді" және "Күршім–Қалжыр–Ақбұлақ–Қарой–Ашалы–Қайнарлы" жолдарында орташа жөндеу жүргізіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / Маркаколь (район Маркаколь) / Марқакөл ауданында келесі жылы бірнеше жол жөнделеді
Фото:
Устинка LIVE

Сондай-ақ Қытай компаниясымен Төсқайын ауылдық округіндегі жолдарды жөндеу туралы келісім жасалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Марқакөл ауданының әкімі Рустембек Кемешевтің айтуынша, аудандық маңызы бар жолдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында екі негізгі бағытқа орташа жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Олар:

  • "Омбы–Майқапшағай–Теректі–Игілік–Шенгельді" жолының ұзындығы – 45–30 шақырым, алдын ала құны – 1 350 млн теңге;
  • "Күршім–Қалжыр–Ақбұлақ–Қарой–Ашалы–Қайнарлы" жолының ұзындығы – 12 шақырым, құны – 1 080 млн теңге.

Сонымен қатар, Altai Invest халықаралық инвестициялық форумы аясында ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қытайдың "Хэйлунцзян провинс Бада Роуд" компаниясымен Төсқайын ауылдық округіндегі жолдарды жөндеу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - дейді аудан әкімі.

Следующая →