Марқакөлдегі маса мен шыбын-шіркейді улауға 30 теңге бөлінген
Биыл аудан аумағындағы қан сорғыш жәндіктерді азайту үшін биологиялық препарат қолданылуда

Марқакөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы дезинсекция жұмыстары тамыз айына дейін жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Биыл Марқакөл ауданының аумағында маса мен шыбын-шіркей секілді қан сорғыш қосқанатты жәндіктердің санын азайту мақсатында биологиялық препарат қолдану арқылы кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аталған мақсатта аудандық бюджеттен 30 миллион теңге бөлінді, - дейді аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Бейсенов. - Жұмыстың алғашқы кезеңінде биология саласындағы ғылыми қызметкерлерді тарту арқылы Ертіс өзенінің Марқакөл өңіріндегі жайылымдық алқабына энтомологиялық зерттеу жүргізілді. Боран, Қалжыр және Марқакөл елді мекендерінің 5 мың гектар аумағы өңделіп, маса мен шыбын-шіркейдің дернәсілдеріне қарсы биологиялық препарат қолданылды. Пайдаланылған инсектицидтік зат Bacillus thuringiensis бактериясына негізделген ұнтақ түрінде дайындалған, экологиялық таза және қоршаған ортаға қауіпсіз. Қабылданған шаралар масаға қарсы күресте жоғары тиімділігін көрсетті.
Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айына дейін жалғасады. Жұмыстардың қорытындысы бойынша атқарылған шаралардың тиімділігі жөнінде ғылыми есеп әзірленіп, 2026 жылы дезинсекциялық іс-шараларды жүзеге асыруға қажетті ұсыныстар жасалады.