Марқакөл мен Өскемен арасында автобус қатынай бастады
Бүгін шекаралық Марқакөл ауылынан облыс орталығы – Өскемен қаласына тікелей автобус жолға шықты

Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды
Бұл ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған күрделі мәселе еді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Автобустың алғашқы сапарында аудан әкімі Рүстембек Кемешев, аудандық мәслихат төрағасы Мамырбек Қалелов жолаушыларды құттап, ауыл ақсақалдары бата беріп, шашу шашты.
Қоғамдық көлік қатынасының жандануы – медицина, білім, сауда, туризм сияқты өмірдің барлық саласына оң әсер етпек.