Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +15°
$
479.23
+0.69
534.96
+1.20
¥
68.35
+0.10
5.16
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімдегі бассейн жұмыс істеп тұр ма?

Бассейн құрылысы 2021 жылдың қаңтарында аяқталып қойса да пайдалануға тек 2023 жылдың мамырында берілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршімдегі бассейн жұмыс істеп тұр ма?
Фото:
Устинка LIVE

Аудан әкімдігі ақпаратына сүйенсек, содан бері бір жылдай уақыт бойы күршімдіктер бассейннің қызығын көріп келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша салынған бассейн құрылысы 2021 жылдың қаңтарында аяқталды. Бірақ құрылысқа жауапты мердігер компания бірнеше кемшіліктер жіберген.

Астанадан келіп мамандар тексеріс жүргізді, қажетті қаражат бөлініп, 1,5-2 айда жөндеуді аяқтадық. Содан бері бассейн бір жылға жуық жұмыс істеп тұр. Оқушылар үшін бассейнге бару тегін, ал басқа ересек ауыл тұрғындарынан белгілі бір ақы алынады, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі. - Қазір Күршімде 8 мыңға жуық адам тұрады, оның 3500-ге жуығы жастар. Алдағы уақытта бұқаралық спортты дамыту үшін аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда.

Заманауи талаптарға сәйкес бес жолақты жабық бассейнде бір уақытта 20 адам жүзе алады. Онда барлық ыңғайлылықтар, атап айтқанда дәретханалар, киім ауыстыратын бөлмелер және спорт залы бар.

Бассейнде 2 жаттықтырушы жұмыс істейді. Арнайы секцияларда 66 оқушы айналысады. Олардан кейін бассейн сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұл нысан жастарға бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға, өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазір біздің оқушылар облыстық жарыстарға қатысуда. Біз жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті Спорт ғимаратының директоры Ерназ Сырымбаев.

Сондай-ақ, ауылда футбол алаңдары мен "Street Workout" алаңдарын салу жұмыстары жалғасуда. Күршім ауданы әкімдігінің мәліметінше, өткен 2023 жылы аудан бойынша бес футбол алаңы мен төрт ойын алаңы салынды.

2024 жылы Күршім, Құйған, Сарыөлең, Мульковое ауылдарында 3 "Street Workout" алаңдарын және 4 футбол алаңдарын салу жоспарланып отыр.

Следующая →