Күршімдегі көпқабатты пәтерлер орталықтандырған жылуға қосылмақ
Күршім ауылында 36 көпқабатты үй болса, соның екеуі орталықтандырылған жылу қазандығына қосылған
Бұған дейін пәтерлер табиғи отынды пайдаланып, баспаналарын пешпен жылытқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Биыл қазандық күрделі жөндеуден өткеннен кейін қалған көпқабатты үйлер де жылу қазандығына қосылмақ.
Бұған дейін ауыл ауруханасына тиесілі болған жылу қазандығын әкімдік өз теңгеріміне алды. Биыл жалпы қазандықтардың қуаттылығын көтерумен айналыстық, алдағы уақытта аудан орталығындағы көпқабатты пәтерлерді толық орталықтандырған жылумен қамтамасыз етуге жұмыс жасаймыз, - деді аудан әкімі Алмат Ақышев.
Орталықтандырылған жылыту қазандығына қосылу жергілікті тұрғындардың тіршілігін жеңілдетіп, қаржылық жағынан да тиімді болар еді.
Біздің пәтерде 30 жылға жуық жылу болған жоқ, - дейді ауыл ақсақалы Көбеген Нұғымаров. - Пеш жағу үшін бір қыста 6-7 тонна көмір аламыз. Бір тонна көмірдің бағасы қазір орта есеппен 35 000 теңге. Бұл өте қымбат.