Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім ауданындағы су тасқыны қауіпі бар жеті нысанда бөгет салынады

Күршім өзенінің бойындағы және су тасқыны қауіпі бар нысандарда ұзындығы екі шақырымнан асатын бөгеттер салынап жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршім ауданындағы су тасқыны қауіпі бар жеті нысанда бөгет салынады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бұл бөгеттер аудан тұрғындарын тасқын су қаупінен қорғамақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазір ауданда өзен жағалауларын нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Бөгеттерді әуелі тас төсеп, кейін оның үстіне шағыл аралас қиыршық тастармен бекітеміз. Бөгеттерді дәл осындай технологиямен жасау тиімді. Бұндай берік бөгеттер болмаса төтенше жағдай кезінде елді мекенді су шайып кетері анық, - деді аудан әкімі Алмат Ақышов.

Қарқынды дайындық ауданның бірқатар ауылдарында жалғасуда. Атап айтқанда, Топтерек ауылында, Күршім өзенінің "Тырла" уческесінде, Бірлік ауылында, Бурабай ауылында бөгеттер салынған. Сондай-ақ, Маралды, Үшбұлақ ауылдарында және Қалғұты өзенінде бөгет тұрғызып, жағаны бекіту жұмыстарына дайындық жалғасын табуда. Дайындық жұмыстары ағымдағы айдың 25-іне дейін аяқталады.

Сонымен қатар, ауданда тұрғындар үшін толық керек-жарақпен қамтылған уақытша эвакуациялық пунктер даярланған, қауіп төне қалған жағдайда тұрғындар үшін жатын орын мен тамақтану орындары қамтылған.

Следующая →