"Қызыл ту" паром өткелінде тек бір паром жүріп тұр
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін "Қызыл ту" паром өткелінде екінші паром сынып қалды
Осыған байланысты тек бір паром ғана жүріп тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ақпаратына сүйеніп.
Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Күршім, Самар аудандарының әкімдіктері тұрғындарды түсініктік танытуларын сұрайды. Қосымша тағы бір паромды жұмылдыру бойынша мәселе қарастырылуда, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, салынып жатқан көпір маңында тәртіп сақшылары кезекшілік ұйымдастырып, техникалық көпірмен өтемін деушілерге қатаң шектеу қояды.