Күршім ауданында терроризмге қарсы жаттығу өткізілуде
Оқу-жаттығу барысында ауданда автокөлік қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған
Күршімдіктерден келтірілген ыңғайсыздықтарға түсіністік танытуды сұрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін, 10 сәуірі күні, Күршім ауданында терроризмге қарсы жаттығу өткізілуде.
Жаттығу барысында терроризмге осал объектілерге терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелерін қарастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған, - деп хабарлады аудан әкімдігі.
Күршім ауданы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырды.