Топтерек тұрғындарын құтқарушылар қайықпен тасымалдауда
Күршім ауданындағы Топтерек ауылы маңындағы көпірді тасқын су шайп кеткен
Қазір мұндағы халықтың ары-бері құтқарушылардың көмегімен өтіп жүр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күршім ауданында Топтерек ауылынан 4 шақырым жерде қардың қарқынды еруі нәтижесінде ағын көпірдің бетон кұрылыстарын шайып кетті, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД. - Құтқарушылардың күшімен тұрғындарды су басқан жол учаскесінен қайықпен өткізу ұйымдастырылды. Өткен екі күнде жергілікті халықтан 60-тан астам адам тасымалданды.
ШҚО ТЖД су құтқарушылары қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды күндізгі уақытта ғана өткізеді.
Жергілікті атқарушы органдардың күшімен (15 адам және 2 техника) айналма жол салынуда.