Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО полицейлері қар құрсауында адасып қалған екі балықшыны құтқарды

Іздестіруге мамандандырылған қызметтердің ауыр жол техникасы қажет болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / ШҚО полицейлері қар құрсауында адасып қалған екі балықшыны құтқарды
Фото:
pexels.com

Екі балықшы 8 сағаттан соң табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Полицияға жедел қоңырау облыс орталығы тұрғындарының бірінен келіп түскен. Ол күйеуі мен оның досы 7 қаңтарда балық аулауға шығып, бірақ қайтар жолда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол бағдарынан адасып, қалың қар құрсауында қалғанын айтқан, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері қалың жауған қар мен жолдың көрінбейтініне қарамастан, дереу іздеуге кіріскен. Тәртіп сақшылары Күршім өткелінің жағалауын және балықшылар болуы мүмкін жерлерді қарап шықты, ал ауыр жол техникасы осы уақытта жолдың қажетті бағытын тазартып отырған. 8 сағат өткенен кейін көлікпен бірге қар құрсауында қалған балықшылар табылды. Қазір олардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарын мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығы кезінде сапарға шығудан және белсенді демалыстан бас тартуға шақырады.

Егер құтқарушылардың көмегіқажет болса, "102" арнасына хабарласыңыз.

Следующая →