Күршімдегі көпірдің жақын күндері ашылатыны рас па?
Әлеуметтік желіде "Бұқтырма су қоймасы" арқылы өтетін көпір жақында ашылады деген ақпарат тараған
Күршім аудандық әкімдігі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әлеуметтік желілерде "Бұқтырма су қоймасы" арқылы салынып жатқан көпір ашылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұқтырма су қоймасының Самар мен Күршім жағалауларынан бастап салынып жатқан технологиялық көпірдің құрылысы аяқталды. Технологиялық көпір негізгі көпірдің құрылысына қажетті заттарды тасымалдауға ғана арналған, - деп түсіндірді Күршім аудандық әкімдігіндегілер.
Негізгі көпірдің ашылуы 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларына жоспарланған.