Күршім ауданында 400-ге жуық адам үй кезегінде тұр
Олардың 62-сі көпбалалы, аз қамтылған отбасылар
Бүгінгі таңда ауданда көпбалалы отбасыларға арналған 12 үй салынып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 12 үйдің құрылысы жүріп жатқанын Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов айтты.
Оның сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 377 адам, оның ішінде 62 көпбалалы отбасы тұр. Осы мәселені шешу үшін "Бір қабатты Шығыс" аймақтық бағдарламасы аясында ауданның 11 елді мекенінде 16 үй салынды.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 8 елді мекенде 12 жеке үй (Қарашілік - 1, Қайнарлы - 1, Алғабас - 1, Жолнұсқау - 2, Қаратоғай - 3, Бурабай - 1, Топтерек - 1, Марқакөл - 2) салынып жатыр. Нәтижесінде 12 көпбалалы, аз қамтылған отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады, – деді Алмат Ақышов.