Күршім ауданында бес жүзден астам адам жұмыссыз
Ауданда биыл мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ
Оның жартысы тұрақты жұмыс орындары болса, жартысы уақытша орындар болмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күршім ауданының әкімі Алмат Акышов 2023 жылы ауданда 1122 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 592 тұрақты, 530 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланғанын айтты.
Бүгінгі таңда халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу үшін 570 адам жүгінді. Оның 390-ы белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды, 66 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жіберілді. Биыл облыстық бюджеттен 49 адамға қысқа мерзімді курс бойынша оқуға 13,5 млн теңге бөлінді, курстар мамыр айында басталады. Ал жыл басынан бері 429 орын құрылды, - деді Алмат Ақышов.