Биыл Күршім ауданында бірнеше медициналық пунктілер ашылады
Күршім ауданының жеті ауылында жаңа медпункт салынады
Бұл туралы Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Биыл қаңтар айында аудандық аурухананың қабылдау, перзентхана, операциялық бөлімшелері күрделі жөндеуден кейін ашылып, толық қуатта жұмыс істеп жатыр.
Хирургиялық бөлімде эндоскопиялық операциялар да жасалады. 2022 жылдың қазан айында 1 дәрігер-анестезиолог Латвияда оқыды. Алынған тәжірибе операциялық бөлімде колоноскопия жүргізу кезінде қолданылады, - дейді Алмат Ақышов.
Сонымен қатар, 2023 жылы Ақжайлау, Ұрынхай, Жолнұсқау, Аманат, Маралды ауылдарында 686,9 млн теңгеге, сондай-ақ Тақыр және Жаңаауыл ауылдарында-32 млн теңгеге офтейк-келісімшарт шеңберінде медициналық пункттер салынбақ.